View this post on Instagram

Жаңа оқу жылы жаңа форматта басталып, алғашқы айы аяқталып келеді. Оқу процессінің басталуы ерекше болғанына қарамастан, барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, тұрақты жұмысымызды жүргізуге кірісейік😊. ⠀ Студенттердің тек теориялық білімімен шектелмей, қолданбалы саясатты талдау мүмкіндігін беру үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Саясаттану" кафедрасының бастамасымен биылғы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында "Саясаттанушылар клубының" апталық кездесулері өтетін болады. ⠀ Саяси мектептің басты мақсаты болашақ саясаттанушылардың саясатқа деген қызығушылығын арттыра түсу. ⠀ Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтетін шараға Ерлан Қарин @erlankarin2019 , Берік Уәли @berikuali , Берік Әбдіғали @abdygaliuly , Ерлан Саиров @erlansairov , Айдос Сырым @aidos.sarym , Саясат Нұрбек @sayasatnurbek сынды саясаттанушылар мен қоғам белсенділері қатысады деп күтіліп отыр. ⠀ Спикерлер еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды тұстарына тоқталып, қатысушылардың сауалдарына жауап береді. ⠀ Кездесулер уақыты: 28.09.20 сағ. 19.00. Берік Уәли 29.09.20 сағ. 19.00. Ерлан Қарин 30.09.20 сағ. 19.00. Берік Әбдіғали 01.10.20 сағ. 19.00. Айдос Сарым 02.10.20 сағ. 19.00. Ерлан Саиров 03.10.20 сағ. 19.00. Саясат Нұрбек @enugumilyov_official @aimagambetov @erlan_sydykov_rektor @political.science.enu

A post shared by Indira Rystina (@indira.rystina) on