Yessenov University әзірлеген отандық жүйе мұнай-газ нысандарын қашықтан бақылауға мүмкіндік береді

15.07.2026 | Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде жасанды интеллект, инженерлік әзірлемелер және технологиялық кәсіпкерлік экожүйесін қалыптастыруға бағытталған заманауи білім беру, ғылыми және технологиялық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Аталған бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі – ҚР Президенті тапсырмасымен Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамашылық еткен AI-Sana ұлттық бағдарламасы. Бағдарлама жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамытуға, студенттер мен жас зерттеушілердің инновациялық жобаларын қолдауға, сондай-ақ экономиканың стратегиялық маңызды салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған. AI-Sana бағдарламасы аясында Yessenov University өңірдің мұнай-газ саласындағы өзекті міндеттерді шешуге арналған қолданбалы әзірлемелерді белсенді түрде дамытып келеді.

Университетте өнеркәсіпке арналған технологиялық шешімдерді әзірлеуге ерекше мән беріледі. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Yessenov University мен «Мұнайтелеком» компаниясының LoRaWAN технологиясы негізінде өнеркәсіптік мониторингтің отандық жүйесін әзірлеу жөніндегі бірлескен жобасы.