21.07.2026 | ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым – қоғам игілігіне» айдары аясында Yessenov University-де жүзеге асырылып жатқан «Маңғыстау облысы кен орындарының мұнай қабаттарындағы парафинді шөгінділердің түзілу процестерін зерттеу» ғылыми жобасы жайлы айтып өтеміз. Жоба жетекшісі – «Геология және мұнай-химиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Рысгүл Баямирова.


