«Jibek Joly» телеарнасына жоғары білім саласындағы іргелі бетбұрыстар төңірегіндегі сұхбат

🇰🇿 Қадірлі оқырмандарым, өздеріңізге белгілі, өткен жолы "Jibek Joly" телеарнасына жоғары білім саласындағы іргелі бетбұрыстар төңірегінде сұхбат берген болатынмын. Мінеки, араға аз уақыт салып, осы арнаға қайта сұхбат берудің реті келді.

Бұл жолғы тақырып әрине — мемлекетімізде ғылымды дамыту, жас ғалымдарға қамқорлық, отандық ғылымның имиджі тағы басқа тақырыптар турасында өрбіді.

Ғылымды жан-жақты насихаттап, жаңалықтарымызды елге паш етіп жүрген, "Jibek Joly" телеарнасы мен диалог алаңына арнайы шақырған журналист Ерболат Мұхамеджан мырзаға өзімнің және министрліктің атынан алғысымды білдіремін.