AI-Sana: Baitursynuly University-дің ЖИ-экожүйесі білім алудың барлық кезеңінде сүйемелдейді

04.08.2026 | Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде AI-Sana бағдарламасы аясында жасанды интеллект технологияларына негізделген Қазақстандағы ең ауқымды университеттік ЖИ-экожүйелердің бірі қалыптасты. Бүгінде экожүйе білім алушыны мектептен бастап университетті аяқтағанға дейінгі барлық білім беру жолында сүйемелдейтін өзара интеграцияланған 18 интеллектуалды цифрлық шешімді біріктіреді.