Әлібай Темірұлан

Ғылымға серпін: Жас ғалымдар баспаналы болды

Мемлекет басшысының жас ғалымдарды қолдау жөніндегі тапсырмасы нақты істермен жалғасын тауып жатыр. Жақында 10 жас зерттеушіге жаңа пәтерлердің сертификатын салтанатты түрде табыс еттім. Бұл бастама – отандық ғылымның әлеуетін арттыруға және талантты мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.