Қоғамдық қабылдау орталығының ашылуы

Еліміздегі жоғары оқу орындарында Қоғамдық қабылдау орталықтары жұмысын бастады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Қоғамдық қабылдау орталығының ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Қоғамдық қабылдау орталығының басты мақсаты — ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, студенттер мен оқытушылардың өзекті мәселелерін шешу, сондай-ақ олардың сенімін нығайту.

Сондай-ақ, студенттер, ата–аналар және оқытушылар Министрліктің бірыңғай колл-орталығына 1450 нөмірі бойынша хабарласуына болады.