04.08.2026 | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында жұмыс істейтін «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті Алматы филиалының алғашқы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Жас мамандар «Ядролық физика және технологиялар», «Информатика және есептеуіш техника» білім беру бағдарламалары бойынша оқуын тамамдады.


