Қазақстан халықаралық білім және ғылым орталығы ретіндегі әлеуетін нығайтып жатыр

07.08.2026 | Жаһандық технологиялық трансформация жағдайында білім, инновациялар және адами капитал экономикалық өсім мен орнықты дамудың басты ресурсына айналып отыр. Осыған байланысты Қазақстан ғылым мен жоғары білімді экономиканы жаңғыртудың, технологиялық прогресті жеделдетудің және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі ретінде қарастырып, оларды дамытудың жаңа моделін дәйекті түрде қалыптастырады.

Ғылым мен жоғары білім – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі.