ШҚУ студенттерінің AI-жобалары: цифрлық көмекшілерден интеллектуалды диагностикаға дейін

27.07.2026 | С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің жасанды интеллект саласындағы білімін жетілдіруге және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған «AI-Sana» ұлттық бастамасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаға қатысқан 8 мыңнан астам студент жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, заманауи цифрлық құралдарды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастырды.