AI-Sana жобалары «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінде таныстырылды

13.07.2026 | Шығыс Қазақстан облысында өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық этнофестивалі аясында ғылым, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы заманауи әзірлемелер көпшілік назарына ұсынылды.

Фестиваль шеңберінде цифрландыру мен жасанды интеллектіге арналған арнайы тақырыптық киіз үйде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері мен AI-Sana бағдарламасы аясында әзірленген инновациялық жобаларын таныстырды.