Ғалымдар кремний өндірісіндегі қалдықтарды қайта өңдеудің тиімді технологиясын сынақтан өткізді

10.07.2026 | Қарағанды индустриялық университетінің «Металлургия» оқу-ғылыми-зерттеу орталығында кондицияға сай келмейтін шикізат пен металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кремнийқұрамды қорытпаларды өндіруге бағытталған ғылыми зерттеулер табысты жүргізілуде. Зертханалық сынақтар қуаттылығы 250 кВА кен-термиялық электр пешінде жүзеге асырылып жатыр.