(10.07.2026) Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары дәстүрлі қазақтың Наурыз көже сусыны негізінде инновациялық ферменттелген сүт өнімін әзірлеуге кіріседі. Ғалымдардың жобасы «Ғылым қоры» АҚ-ның 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды.


