Өздеріңіз білетіндей, кеңестік дәуірде ғалымдар мемлекеттің қамқорлығында болған. Ғалымдар соның арқасында зерттеу жасап, жалақы алатын.
Қазір ғалымдарды қаржыландырудың бірнеше сатысын атауға болады. Ол әрине: тікелей қаржыландыру, іргелі және қолданбалы ғылымды қаржыландыру болып табылады. Ал ең негізгі мәселе ол ғылым мен экономиканы байланыстыру күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Яғни, ғылымға негізделген экономика құру. Ғылымды қолдаудың алғы шарты осы болса керек.
Шәкәрім атамыз: «білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды» — деп бекер айтпаса керек.
Осы бағытта қандай тындырымды тірліктер атқарылып жатыр? Бұл туралы толығырақ Ғылым және жоғары білім министрлігі жобалық кеңсесінің жобалар тобының басшысы Айдын Сәбитов журналист “Ғылымстан” бағдарламасында толығырақ тарқатып айтатын болады. Тележобаны толық көруге кеңес беремін.


