Азаматтарды қабылдау өткіздім

Бұл жолғы кездесуге Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары келді. Олар өздерінің ұсыныстарын алға тартып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Жақында ашылған Азаматтарды қабылдау орталығында өткен кездесу барысында ғылым мен жоғары білім салаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп оның шешу жолдарын қарастырдық.